
2025 ж. 18 наурыз, Мадрид – Испания астанасында «Қазақстан-Испания» экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық аралас комиссиясының (ҮАК) он бірінші және «Қазақстан-Испания» Іскерлік кеңесінің сегізінші отырыстары өтті.
Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары ретінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ. Торебаев пен Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы А. Лопес сөз сөйледі.
Аталған алаңдар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі тетіктері болып табылады.
ҮАК отырысы барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды, сондай-ақ екі ел экономикасының өзара қызығушылық тудыратын перспективалы және басым бағыттары айқындалды. Қазақстан тарабы тауар номенклатурасын кеңейтуге дайындығын білдірді.
Іскерлік кеңес отырысына жоғары лауазымды өкілдер қатысты, олардың қатарында Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы А.Лопес, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Торебаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары-Іскерлік кеңестің тең төрағасы Т.Онжанов, Испания Сауда палатасының бас директоры И.Риера, CEOE-нің халықаралық қатынастар жөніндегі президенті М.Бланко, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы М.Каримсаков, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы М.Елібаев, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А.Күздібаев және шамамен 100 бизнес-қоғамдастық өкілдері болды.
Анықтама: Испания Қазақстанның ЕО аясындағы негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2024 ж. екі ел арасындағы тауар айналымы 2,07 млрд. долл. құрады (экспорт – 1,354 млрд., импорт – 652,1 млн).
Қазақстан Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес, 2005-2024 жж. аралығында Қазақстанға Испаниядан 333 млн. долл. жуық тікелей инвестиция тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/963421?lang=kk

Жауап қалдыру