
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай мерейтойлық логотипке конкурс жарияланған болатын. Байқауға 29 үміткер қатысып, өздерінің жобаларын ұсынды. Жалпы 109 жұмыс келіп түсті.
Комиссия мүшелері байқауға келіп түскен жұмыстарды сарапқа сала келе, жеңімпазды анықтады.
Ол Сайрам ауданынан қатысқан Турапбеков Нұрбек Тұрсынбекұлы. Оның ұсынған жобасы “Үздік логотип”атанды.
Жеңімпаз атанған логотип барлық іс-шараларда, ақпараттық және бейне-материалдарды дайындауда бір жыл бойы қолданылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/962562?lang=kk

Жауап қалдыру