
Аманөткел ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Іс-шараға округ әкімі Қ. Абдраманов, сала басшылары мен ел ағалары қатысып, ауыл тұрғындарын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Наурыз – халқымыздың болмысы мен бірлігін, мәдениеті мен салт-дәстүрін ұлықтайтын мейрам. Осы күні ауылда ақ дастарқан жайылып, киіз үйлер тігілді. Ақсақалдар ақ батасын беріп, елге амандық пен береке тіледі. Дәстүрге сай ұлттық тағамдар әзірленіп, қазақ халқының рухани мұрасын насихаттайтын ұлттық ойындардан түрлі сайыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп, ауыл тұрғындарына ауызашар берілді. Сонымен қатар, ауыл өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, ертегі кейіпкерлері балаларға қуаныш сыйлады.
Бұл күн тек мерекелік шара ғана емес, тарихымыз бен мәдениетіміздің жаңа кезеңіне деген құрметтің белгісі болды. Ауыл халқы ынтымақ пен ырысқа толы ұлы мерекені кеңінен тойлап, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-amanotkel/press/news/details/963320?lang=kk

Жауап қалдыру