Көкжазық ауылдық округінде Наурызнама онкүндігі аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 – Наурыз күні ауылымызда “Наурыз думан” атты ұлттық мерекелік іс шара өтті.Ескелді аудан әкімінің орынбасары Байұзақова Жанар Қанатқызы арнайы келіп, ауыл тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтады.

Көкжазық ауылдық округінің әкімі Жұмабаев Мақсат Бақтыбайұлы да ауылымыздың тұрғындарын және қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз ақ тілегін арнады.

Ескелді ауданының құрметті азаматы, Көкжазық ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Ақшолақов Әпсемет атамыз ауыл халқына жақсылық тілеп,  ақ батасын беріп, асыл әжелеріміз арнайы шашуларын шашып, ауылымыздың көркемөнерпаздары өнерлерін көрсетіп, халықтың көңілін көтеріп, ыстық ықыласқа ие болды.

Шара соңы түйе палуан, арқан тартыс, қол күрес, қыздар арасында май көтеру, қазақ күресі сынды ұлттық спорттық ойындармен жалғасын тапты.

 

https://www.instagram.com/reel/DHgZFVFi4PK/?igsh=MWw4bGN0ZWhuNW1xMA== https://www.instagram.com/p/DHdGIq3CDZ8/?igsh=MWJtbnN0Z3NzNDExZQ== https://www.instagram.com/reel/DHaLusLtnVJ/?igsh=eGkzNnBoOXQ4Yno4 https://www.instagram.com/p/DHXlVzqCnTe/?igsh=MWQ3bGd0YzR1ejUwaw== https://www.instagram.com/reel/DHVCKPjCGl2/?igsh=MWtoM2toNDZpNXh1Nw== https://www.instagram.com/reel/DHSeT1di35R/?igsh=MWF6ODhmYXB2eTVuOA== https://www.instagram.com/reel/DHQACfcCqsq/?igsh=ejBrY2l6djBreG5x https://www.instagram.com/reel/DHNNBiwtigp/?igsh=N3RzbHBnZDFpbzV5 https://www.instagram.com/reel/DHKvvqgtuum/?igsh=eWV1N2Jzdmsxd25m

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-kokzhazyk/press/news/details/962523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді