
Күш пен денсаулық рухын асқақтатқан Наурыз: ШҚО-да есірткіге қарсы көңілді іс-шара өтті
Наурыз мейрамы қарсаңында ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қазақстан-Американдық еркін университетінің көпсалалы колледжінің студенттері мен оқытушыларына арналған ерекше іс-шара ұйымдастырды. Бұл шара ұлттық дәстүрлерді, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау сынды қасиеттерді біріктірді.
Киіз үй – қазақ мәдениетінің символы – аясында «Мықты батыр», «Теңге лақтыру», «Арқан тарту» және «Қол күрес» сияқты қызықты жарыстар өтті. Жастар белсенді қатысып, көрермендер қызу қолдау білдіріп, нағыз мерекелік атмосфера орнады.
Мерекелік концерттің басты қызықты сәті «Мен қазақтың батырымын» байқауы болды. Қатысушылар тірі қошқарды көтеріп, өздерінің күш-жігері мен төзімділігін көрсетті. Жарыстың жеңімпазы – қошқарды 150 рет көтерген 2-ші курс студенті атанды.
Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, көрермендерге есірткіге қарсы ұрандары бар футболкалар, кепкалар, маскалар мен қаламдар таратылды.
Бұл іс-шара жас ұрпаққа салауатты өмір салты, спорт пен ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын еске салған қызықты мереке болды!
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/962053?lang=kk

Жауап қалдыру