
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Алматы қаласы әуежай қызметкерлеріне «Маймыл шешегі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында мамандар маймыл шешегінің белгілері, оның адамнан адамға берілу жолдары, сондай-ақ инфекцияның таралуын тоқтату үшін қолданылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен процедуралар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, олар өздеріне қажет болатын қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану, гигиеналық нормаларды сақтау және инфекцияны анықтау үшін қажетті диагностика мен мониторинг жүргізу жөнінде кеңестер берді.
Семинардың соңында қатысушыларға қолданыстағы санитариялық нормалар мен ережелерге сай қажетті оқыту материалдары мен нұсқаулықтар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/962898?lang=kk

Жауап қалдыру