Мұқаншы ауылдық округінде «Көрісу күні» жоғары деңгейде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық мейрамы – «Көрісу күні» немесе «Амал мерекесі». Бұл күннің басты ерекшелігі – адамдардың бір-бірімен қауышып, қол алысып, амандық-саулық тілеп, үлкендерге құрмет көрсетуінде. Аталған дәстүр қазақ халқының бірлігін, татулығын және бауырмалдық қасиеттерін нығайтатын ерекше күн болып саналады.

Мұқаншы ауылдық округінде «Көрісу күні» кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шараға ауылдың ардагерлері, ақсақалдары, аналар кеңесінің мүшелері және жастар қатысты. Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлердің маңыздылығы, ұрпақтар сабақтастығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, үлкендер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жастар қарияларға сәлем беріп, баталарын алып, өзара жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік шара барысында ауыл өнерпаздары күй тартып, ән шырқап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына мерекенің көрігін қыздыратын әсерлі сәттер ұсынылды.

Осындай дәстүрлі шаралар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді. Биылғы «Көрісу күні» ауылдастардың ынтымағы мен бірлігінің жарқын көрінісі ретінде жоғары деңгейде атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/963553?lang=kk