Наурыз мерекесіне орай ауызашар ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 наурыз күні Көксу бекетіндегі мешітте округ мекемелерінің атынан ауыл тұрғындарына арналған ауызашар берілді. Іс-шара барысында ақсақалдар ізгі тілектерін білдіріп, бата жасады, сондай-ақ жарапазан айтылды.

Округ әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлы Наурыз мерекесін ұйымдастыруға атсалысқан барлық мекеме басшылары мен қызметкерлеріне алғыс білдіріп, бұл игі дәстүрдің қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтудағы маңызын атап өтті.

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Береке мен бірлік арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/963870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді