Өскеменде ең үлкен бауырсақ анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде Наурыз мейрамы аясында жарқын әрі дәмді бауырсақ-пати өтті. Іс-шара барысында қонақтарға 1000-нан астам жаңа піскен бауырсақ ұсынылды.

Мерекенің басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі асханасын насихаттау және бірлік пен қуанышқа толы жылы атмосфера қалыптастыру болды.

Жарыс нәтижесінде Гран-при иегері 50 мектеп атанды.

Қосымша номинациялар бойынша жеңімпаздар:
🏆 «Ең үлкен бауырсақ» – 30 мектеп;
🎭 «Ең үздік шығармашылық таныстырылым» – №106 «Қарлығаш» балабақшасы;
🍽 «Ең үздік тағам безендіру» – 33 мектеп.

Мереке қонақтары бауырсақтың дәмін татып қана қоймай, дәстүрлі әндер, билер мен ұлттық ойындар қамтылған концерттік бағдарламадан ерекше әсер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/962658?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді