Омбудсменның Маңғыстау облысы бойынша өкілі Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларына арналған вебинарға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 26 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Күжиев «Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының ҚАЖ тергеу изоляторларын мониторингтеу ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинарға қатысты.

Вебинар барысында тергеу изоляторларына мониторингтік сапарлар жүргізу, қамауда ұсталушылардың құқықтарының сақталуы, сондай-ақ ҰАТ мүшелерінің ҚАЖ мекемелерімен өзара іс-қимылының практикалық аспектілері сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Мұндай іс-шараларға қатысу адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға және алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/963383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді