Оралда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 26 наурызынан 3 сәуіріне дейін Орал қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің үш қаласы мен 17 облысынан 400-ден астам спортшы қатысуға ниет білдірген.

Чемпионаттың басты мақсаты – тоғызқұмалақ ойынын насихаттап, оны дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл жарыс жас спортшыларды біріктіріп, олардың шеберлік деңгейін арттыруға, болашақ чемпиондарды анықтауға жол ашады.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы орынбасары Нұржанов Мирболат Сағынғалиұлы құттықтау сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне барынша жағдай жасауға дайын екендерін атап өтті.

Жарыстың ұйымдастырушылары мен төрешілері:

  • Дәулет Ұзаққалиұлы Абдикаримов – Тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы, ҚР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы;
  • Мақсат Есенбекұлы Шотаев – Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті, ҚР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы;
  • Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев – Батыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті;
  • Хакімжан Мектепханұлы Елеусінов – Жарыстың бас төрешісі, ұлттық дәрежедегі төреші;

 

 

 

 

Қатысушы командалар:

  1. Астана қаласының командасы
  2. Алматы қаласының командасы
  3. Шымкент қаласының командасы
  4. Абай облысының командасы
  5. Ақмола облысының командасы
  6. Ақтөбе облысының командасы
  7. Алматы облысының командасы
  8. Атырау облысының командасы
  9. Жамбыл облысының командасы
  10. Жетісу облысының командасы
  11. Қарағанды облысының командасы
  12. Қостанай облысының командасы
  13. Қызылорда облысының командасы
  14. Маңғыстау облысының командасы
  15. Павлодар облысының командасы
  16. Түркістан облысының командасы
  17. Ұлытау облысының командасы
  18. Шығыс Қазақстан облысының командасы
  19. Батыс Қазақстан облысының командасы

Бұл чемпионат жас спортшылар арасында тоғызқұмалақ ойынының танымалдылығын арттыруға, оны дамытуға және еліміздегі спорттық мәдениеттің деңгейін көтеруге ықпал етеді. Жарыс нәтижелері мен жеңімпаздары болашақта еліміздің атын шығаратын мықты спортшыларды дайындауға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Айта кетсек, чемпионат сәуір айының 3-не дейін жалғасады.

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/963391?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді