Орталық алаңда 40 баланың тұсауы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының Орталық алаңында өткен салтанатты рәсімде 40 баланың тұсауы кесілді. Ізгі дәстүрдің орындалуына облыс әкімі Берік Уәли, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысып, сәбилерге ақ жол тіледі.

Тұсауы кесілген әр балаға естелік сыйлықтар табысталып, ақсақалдар ақ батасын берді. Жиналған көпшілік бұл шараның тәрбиелік мәнін атап өтіп, сәбилерге ізгі тілектерін арнады.

Еске сала кетейік, Абай облысында хакім Абайдың 180 жылдығына орай 180 баланың тұсауы кесілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/962461?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді