
“Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті “Әділдік және өркендеу” ҚҚ өңірлік өкілдігінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Гүлнара Исенованың және облыс департаменттерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі аясында “Заң және тәртіп” қағидатын түсіндіруге арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік деңгейін арттыру болды.
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Превенция басқармасының басшысы Данияр Каукенов әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысында заңдылық пен адалдықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Тек өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күреске алып келуі мүмкін.
Кездесу барысында “Әділдік жолы” ҚҚ өңірлік өкілдігінің басшысы Гүлнара Исенова сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың әлемдік тәсілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған нақты қадамдар туралы айтты. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуы мен хабардарлығын арттыру жолдары талқыланды.
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жақсарту және әрбір азамат заңның сақталуына жауапты болатын адал және ашық қоғам құру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Тәртіпті_өзімізден_бастайық
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/963105?lang=kk

Жауап қалдыру