ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Бүгін Темір ауылында көпшіліктің көңілін жылытқан игі іс-шара өтті. «ЗАРЕЧНОЕ» Қазақстан-Ресей-Қырғыз шетелдік инвестицияларымен бірлескен кәсіпорыны қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мейрамы қарсаңында тұрмысы төмен, аз қамтылған 15 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.

    Наурыз – жаңару мен мейірімділіктің мерекесі, ал Рамазан айы – қайырымдылық пен жақсылық жасаудың уақыты. Осы орайда кәсіпорын басшылығы жергілікті халыққа көмек көрсетуді өз борышы санап, осындай әлеуметтік қолдау ұйымдастырды.

    Азық-түлік себетін алған тұрғындар бұл көмектің олардың отбасы үшін аса маңызды екенін айтып, кәсіпорын басшылығы мен ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді. Қасиетті Рамазан айында мұндай көмек – біз үшін үлкен қуаныш. Осындай жомарт жандардың барына қуанамыз. Көмек қолын созған азаматтарға Алла разы болсын! – деп ауыл тұрғындары ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

    «ЗАРЕЧНОЕ» кәсіпорны бұған дейін де әлеуметтік жобаларға белсенді атсалысып, түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Кәсіпорын өкілдері болашақта да мұндай игі істер жалғасын табатынын атап өтті. Біз тек өндірістік қызметпен ғана айналысып қоймай, қоғамға пайда тигізуді де маңызды санаймыз. Әлеуметтік жауапкершілік – біздің басты қағидаларымыздың бірі. Алдағы уақытта да мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді жалғастырамыз, – деді кәсіпорын басшылығы.

    Осындай ізгі бастамалар қоғамдағы жанашырлық пен бірлік сезімін нығайтып, мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісіне айналуда. Қасиетті Рамазан айы мен Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл қайырымдылық шарасы ауыл тұрғындарының жүрегінен орын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/962299?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді