
Афина, 2025 жылғы 23 наурыз – Қазақстанның көркем гимнастикадан ұлттық құрамасы 21–23 наурыз аралығында Афина қаласындағы Faliro Olympic Indoor Hall спорт кешенінде өткен «Aphrodite Cup 2025» атты X мерейтойлық халықаралық турнирге қатысты. Жарысқа әлемнің 27 елінен спортшылар қатысып, турнир көркем гимнастика бойынша халықаралық күнтізбедегі маңызды іс-шараға айналды.
Қазақстан құрамасы жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлікті көрсете отырып, жалпы саны 18 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда:
– 11 алтын медаль, соның ішінде 3-еуі топтық жаттығуларда,
– 6 күміс медаль, оның ішінде 2-еуі топтық жаттығуларда,
– 1 қола медаль.
Турнирдің он жылдық мерейтойы аясында Қазақстан командасы «Aphrodite Cup» турнирінің барлық шығарылымына үзіліссіз қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды. Бұл марапат еліміздің спорт саласындағы жүйелі жұмысының, ұрпақтар сабақтастығының және халықаралық спорт аренасындағы орнықты қатысуының дәлелі болды.
Жарыс барысында Қазақстан спортшыларын Грекия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Сұлтанғожин, Елшілік қызметкерлері, қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері қолдады. Олар спортшыларға шынайы қолдау білдіріп, сәттілік тілеп, мұндай халықаралық жарыстардың Қазақстанның оң имиджін ілгерілету мен елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасының
Грек Республикасындағы Елшілігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/962348?lang=kk

Жауап қалдыру