
Көкшетау қаласында Наурыз мейрамы аясында «Қазыналы қария» Облыстық байқауы болды. Іс-шараны Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты-дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және егде жастағы адамдарға құрмет көрсетуді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жастар бойында патриотизмді тәрбиелеу. Байқауға облысымыздың әр түкпірінен 10 аға буын өкілдері қатысты. Сандықтау ауданынан «Алтын қазына» вокалдық тобының қатысушылары Ахметовтар жанұясы- Баян Ашкенқызы мен Жақсыбай Құрманұлы қатысты.
Қатысушылар әділ қазылар алқасымен көрермендер назарына өнерлерін және көрмеде өздері жасаған сәндік-қолданбалы бұйымдарын ұсынды. «Батаменен ел көгерер» кезеңінде қариялар жиылған қауымға ақ тілегін, адал ниетін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/962593?lang=kk

Жауап қалдыру