
Аудандық мәдениет үйінде «Қаржылық,интернет алаяқтық және дроптар» тақырыбында жиын өтті. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, аудан прокураторы Мақсат Мошкалов, аудандық полиция басқарма бастығы Есенғали Бейсебаев, Түркістан облысының экономикалық тергеу департаментінің өкілдері Гүлзия Қарсыбай, Нұрдаулет Есенбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің фармацевтикалық инспекторант және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы- жетекші фармацевтикалық инспектор Арна Абдрахмани, бас маманы, инспектор Бағдаулет Байғазиев, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында жастардың синтетикалық есірткіні қолдануы, жалпы оның кез келген адам денесі үшін тигізетін зияны, есірткі түрлерін сату, егу, тасымалдау үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны және интернет алаяқтық, қаржы пирамидалары, лудомания мәселелері ортаға салынып, талқыланды. Спикерлер мағлұматтар беріліп, өмірлік тәжірибемен ұштасқан үлгі-өнегелерімен бөлісе отырып, нашақорлыққа, интернет алаяқтық, лудомания, қаржы пирамидаларына тосқауыл қою бағытында өз пікірлерін білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/963350?lang=kk

Жауап қалдыру