ШҚО ТЖД Наурыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаментте көктемгі мереке Наурызды қарсы алды. ШҚО ТЖД ауласында қонақжай киіз үй қанатын жайды. Қызметкерлер мен шақырылған қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, ең басты тағам – наурыз көже дайындалды.
Қызметкерлер мен қонақтар қазақ халқының мақтанышы тазы итпен және бүркітпен танысты. Өз күштерін сынағысы келгендер ұлттық сайыстарға қатысты. Бұл сайыста ер адамдармен қатар әйел адамдар да күштерін сынап көрді. Қызметкерлердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды, ол жерде танымал қазақ хиттері орындалды. Тұсау кесер дәстүрі өткізілді. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл дәстүр тұсауы кесілген балаға денсаулық, жақсылық әкеледі, пәле-жаладан сақтайды.
Мереке соңында Қожахмет атамыз Наурыз бата берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/962189?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді