Шұбарқұдықта қар суын бұру арнасы нәтижесін берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда


2024-2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің Задепо аумағында еріген қар суын бұру арналары салынды.

Жобаның бас мердігері – «Stro Proekt» ЖШС. Құны – 315 млн теңге.

«Шұбарқұдық кентіндегі былтырғы жылғы салынған Задепо аумағындағы су бұру арнасының құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында толық аяқталды. Ұзындығы 4 шақырымды құрайды. Енді су бұрынғыдай ауыл ішімен өтпей, арнайы салынған су бұру арналары арқылы айналып өтіп, өзен арналарына құйылуда. Бұл шешім ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті арттырып, су тасқыны қауіпін азайтты», – дейді мердігер компания басшысы Жолдыбай Кеміров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/962517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді