«Тәртіпті өзіңнен баста»: Тараз-Болашақ жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Тараз-Болашақ жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негіздерін түсіндіру, құқықтық сана-сезімді дамыту және жастарды қоғамдағы адалдық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға белсенді қатысуға тарту.

Кездесуге қатысқан департамент басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров өз сөзінде адалдық, заңдылық және әр азаматтың жеке жауапкершілігі мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ашық диалог барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың салдары, этикалық нормалардың маңыздылығы және азаматтық белсенділік ұстанымының рөлі туралы пікір алмасты.

Студенттер бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Бұл олардың заң талаптарын, әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын тереңірек түсінуіне ықпал етті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/962408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді