«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: таза орта – жарқын болашақ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

«Таза Қазақстан» – жай ғана сенбілік емес, бұл қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі әрі маңызды қадам. Табиғатты аялау – әр азаматтың борышы, ал ата-аналардың белсенді үлгі көрсетуі жас ұрпақтың туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы мақсатта «Қаратау қаласындағы қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» бекітіліп, 2025 жылдың 23 наурызында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Акция барысында «Орталық саябақ», басқа да саябақтар, аллеялар мен скверлер, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы, сондай-ақ өзендер мен каналдардың жағалаулары қоқыстан тазартылып, бей-берекет шашылған қалдықтар шығарылды. Іс-шараға 500-ден астам мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары атсалысып, 150 тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға жеткізілді. Тазалық жұмыстарына 15-20 техника жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» акциясы өз жалғасын табуда. Әрбір тұрғын қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосып, қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға атсалыса алады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/962285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді