Теректі ауылдық округінде 22 наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Теректі ауылдық округінде кеңінен тойланып, мерекелік концерттік бағдарлама мен ұлттық көріністер қойылды.

Шара барысында жиналған қауымға арнап дәстүрлі әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер тартылды. Өнерпаздар халық билерін орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. Сонымен қатар, сахнада қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін көріністер қойылып, көрермендерге Наурыз мейрамының мәні мен маңызы насихатталды.

Мерекелік концерт ауыл тұрғындарының жылы лебізіне бөленіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бұл іс-шара Наурыз мейрамының сәнін арттыра түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/963537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді