Төтенше жағдайлар жөніндегі Вице-министр аудандағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-министрі Рамиль Камалов су тасқынына қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізу үшін Сандықтау ауданына келді.

Сапар аясында Рамиль Камалов Жабай өзенінің арнасында жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарының барысын мұқият қарап шықты. Қазіргі уақытта жағалауларды нығайту және ықтимал су тасқынының алдын алу бойынша белсенді іс-шаралар жүргізіліп жатқан Балкашино ауылының жағалау сызығының бойындағы учаскелерге ерекше назар аударды.

Әрі қарай, ӨСБ-17-де болып, техниканың жай-күйімен танысты, сондай-ақ жергілікті мамандармен аудандағы төтенше жағдайларға ден қоюдың қауіпсіздігі мен жеделдігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/962701?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді