
Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз сақтаудың екі фактісін анықтады.
Мәселен полиция қызметкерлері Ордабасы ауданында Шымкент қаласының тұрғыны бұрын сотталған “Лада Гранта” көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Жедел уәкілдер көлікті тексеру кезінде өсімдік тектес есірткі салынған қапты тапты. Алынған заттың жалпы салмағы 1 келіден астам “көкнар” болып шықты.
Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің барлық мән-жайларын анықтап, одан әрі жедел шараларды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/963241?lang=kk

Жауап қалдыру