Түркістанда комплаенс офицерлер арасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында облыстағы  квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары мен комплаенс-офицерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинарда Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Әсілбек «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтау маңыздылығына, сондай-ақ қоғамда адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажеттілігіне назар аударды.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Тоғызбаев әрбір жауапты комплаенс мамандар өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бекітілген қағидаға сәйкес жүргізіп, тәуекелдердің және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарға, сондай-ақ, ұйым қызметінің жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге назар аудару керектігін атап өтті.

Іс-шара соңында комплаенс-офицерлер өз тәжірибесінде кездесетін өзекті мәселелерді көтеріп, тәжірибе алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асыру бойынша өз идеяларын ұсынды.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-turkestan/press/news/details/962952?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді