
🌸 Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Малонарым ауылында үлкен той-думанмен өтті! 🌸
Наурыз – көктемнің келуімен бірге жаңару мен бірліктің, татулықтың мерекесі! 🎉 Солоновка ауылдық округінде бұл мереке ерекше түрде аталып өтілді. Мерекеге Солоновка ауылдық әкімшілігі, Малонарым орта мектебі, Солоновка орта мектебі, Малонарым ауылдық клубы, “Балауса” балабақшасы,Малонарым ауылының бөбекжайы, кітапханалар, ФАП мекемелері қатысып, ауыл тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады. 🎶
Наурыз көжесі, ұлттық тағамдар, әсем әндер мен қызықты ойындар мерекенің ажырамас бөлігіне айналды. Әрбір қатысушыға мадақтама мен ақшалай сыйлықтар табысталып, мереке нағыз наурыздық қуанышқа ұласты! 💫
Мереке соңында ерекше көмек көрсеткен шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз! Сіздерге үлкен рахмет! 🙏

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-solonov/press/news/details/962059?lang=kk

Жауап қалдыру