Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті.

Сот жюриінің қарауына 6 тәртіптік іс шығарылып, оның ішінен 3 судьяға қатысты 3 іс қаралды.

Қарау қорытындысы бойынша заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 1 судья ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Cонымен қатар, 2 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Үш судьяға қатысты тәртіптік істерді қарау олардың еңбек демалысында болуына және судьялардың бірінің ауруына байланысты Сот жюриінің келесі отырысына дейін кейінге қалдырылды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/963448?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді