
2025 жылғы 27 наурызда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, оған аудандық мәслихаттың төрағасы М.К. Сартов, аудан әкімінің орынбасары М.К. Доскалиева қатысты.
«Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамы мен ережесін бекіту туралы» сұрағы бойынша аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің басшысы Г.К. Жилкайдарова сөз сөйледі.
Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 130 «Қостанай аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Ж.С. Конакбаева хабарлады.
Депутаттар қойған барлық сұрақтарға баяндамашылар толық жауап берді.
Қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар тиісті қаулылар қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/963914?lang=kk

Жауап қалдыру