Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 наурыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі А.Көпеновтің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап аудандағы елді мекендерді абаттандыру және санитарық тазарту бойынша екі айлық басталады. Мақсат – аумақтарды қоқыстан арылту, көгалдандыру, тұрғындарды көшелер мен үйдің айналасын таза ұстауға үндеу.

Аудан әкімі А.Көпенов аудан тұрғындарын сенбіліктерге белсенді қатысуға, тазалық сақтауға, туған ауылды аюбаттандыруға үлес қосуға шақырды.

Екі айлық аясында барлық кәсіпорындар, дүкендер, дәмханалар, тұрғындар ауылды тазартуға үлестерін қосады. Сонымен қатар барлық мекеме қызметкерлері арнайы территориялық бөлініс бойынша өздеріне жүктелген аймақтарды қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Ауданда тазалық пен тәртіп орнатып қана қоймай, абаттандыру жұмыстары да жүйелі жүргізілетін болады.

Жиналыста 2025 жылғы іс-шаралар жоспары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Копжасаров баяндады.

Сонымен қатар, 2025 жылы салынатын құрылыс жұмыстары туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы М.Сейтказин баяндады.

Мемлекеттік органдардың нысандарын дамыту бойынша:
Қарауылкелді ауылында геологиялық жағдайы қалыпты климаттық аймақтар үшін ІІ типті 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен 870,0 млн.теңге бөлініп, мердігер «Orda service group» ЖШС анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір айында басталады. Құрылыс мерзімі 6 (алты)ай.
Алтай батыр ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша аудандық бюджеттен 129,0 млн.теңге бөлініп, мердігер ПТ «ЕРКЕН и К» анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір айында басталады. Құрылыс мерзімі 4(төрт)ай.
Қарауылкелді ауылындағы әкімшілік (сот ғимараты) ғимаратының құрылысы бойынша жалпы сомасы 754,2 млн.теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

Мәдениет нысандарын дамыту бойынша:
Қарауылкелді ауылындағы 400 орынға арналған мәдениет үйі ғимаратының құрылысы бойынша «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында РБ- 260,0 млн.теңге ОБ-154,4 млн.теңге бөлініп, мердігер «АймарСтройСервис» ЖШС анықталды. Бүгінгі күнде келісімшарт жасақталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір айында басталады деп жоспарлануда. Нысан өтпелі. Құрылыстың жалпы ұзақтығы 11 (он бір) ай.
Сондай-ақ Кемерши, Ноғайты ауылдарындағы клуб үйінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды.

Елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша:
Қарауылкелді ауылы Бармақ батыр көшесін жарықтандыру құрылысыбойынша «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде РБ-32,8 млн.теңге, ОБ-3,6 млн.теңге бөлініп, мердігер «ИНТЕР ЭЛЕКТРО КОМПЛЕКТ» ЖШС анықталды. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады деп жоспарлануда. Құрылыстың жалпы ұзақтығы 2(екі) ай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/964159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді