Көкшетау қаласының прокуратурасында ведомствоаралық кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласының прокуратурасында «Әуре – сарсаңның жолын кесу-қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын сақтаудың кепілі» жобасының аясында ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңеске Көкшетау қаласы Полиция басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысып, ең өзекті және түйткілді мәселелерді талқылады, нәтижесінде полиция қызметкерлеріне сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру және қылмыстық процестің орбитасына тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Ведомствоаралық кеңестің негізгі мақсаты тергеу әрекеттерінің сапасы мен тиімділігін арттыру болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

#Заң_және_Тәртіп         

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/964113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді