
#Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз», Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған Қарағанды бөлімшелік санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шет ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ақадыр станциясының ауылдық ауруханасының ШЖҚ КМК фтизиатрия және салауатты өмір салты бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, Ақадыр сигнал беру және байланыс дистанциясының қызметкерлерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында клиника, емдеу, туберкулездің алдын алу және анықтау мәселелері түсіндірілді; қатысушылардың назарына Қарағанды өңірінде туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша статистикалық мәліметтер ұсынылды.
Сонымен қатар, басқарма мамандары қатысушылар арасында «сыбайлас жемқорлық ұғымы мен белгілері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік» тақырыбында шолу дәрісі өткізілді.
Іс-шара соңында қатысушылармен өткізілген тақырыптар бойынша пікір алмасылды, жадынамалар, лифлеттер, буклеттер таратылды. Барлық қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/963916?lang=kk

Жауап қалдыру