Қазақстан Республикаы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларымен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Астана қаласында “Цифрлық технологиялар мен инновациялар: білім беру жүйесінің жаңа дәуірі” тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға білім бөлімінің басшысы Кыдырмолдин Амангелді Шаймуратұлы қатысты.
Білім беру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім басқармаларының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен маңызды кездесу өткізді. Күн тәртібінде білім беру жүйесінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылды.
Кездесуде көтерілген басты мәселелер:
✅ Орта білім саласындағы нормативтік құжаттардағы өзгерістер және оларды тиімді қолдану;
✅ Балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беруді дамыту;
✅ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру;
✅ Педагогтер мен білім беру ұйымдары басшылары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі.
📌 Назар аударуға тиісті бағыттар:
🔹 Инклюзивті білім беру үшін қолайлы жағдай жасау;
🔹 Педагогтердің біліктілігін арттыру және олардың жұмысын әділ бағалау;
🔹 Тәрбиелік жұмыстарды күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын белсенді жүргізу;
🔹 Барлық балалар үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы оқу сапасын жақсарту;
🔹 Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және оны білім беру жүйесінде нығайту .
Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беру үшін барлық қажетті шараларды қолға алу керектігін айттып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/964036?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді