«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері құрылыс саласын цифрландырудың ашық стандарттарын дамыту мәселелерін талқылауға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ делегаттары – buildingSMART Kazakhstan чаптерінің төрағасы Александр Шахнович және төраға орынбасары Зарина Қабжан – 2025 жылғы наурыз айында Сингапурда өткен buildingSMART International «Chapter Conference: Accountability & Strategic Direction of bSI» конференциясында Қазақстан атынан қатысты. Бұл конференция buildingSMART Singapore Summit 2025 халықаралық саммитінің аяқталуынан кейін өтті.

Конференцияның басты мақсаты – стратегиялық басқару, қаржылық тұрақтылық пен ашықтық мәселелерін, сондай-ақ openBIM технологиясы (Building Information Modeling ашық форматтары) саласындағы техникалық басқару мен стандарттарды нығайту мәселелерін талқылау болды. Іс-шараның негізгі міндеті – buildingSMART International басшылығының директорлар кеңесі мен ұлттық чаптерлер алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету.

Конференция барысында ұйымның 2025-2026 жылдарға арналған басым бағыттары таныстырылды. Олардың ішінде IFC5 стандартының дамуы, кәсіби сертификаттау жүйесін жетілдіру және халықаралық стандарттау ұйымдарымен (ISO және CEN) өзара іс-қимылды тиімді жүргізу процестерін оңтайландыру бар.

Конференция қорытындысы бойынша buildingSMART-тың одан әрі дамуына арналған қосымша ұсыныстар әзірленді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Қазақстандағы құрылыс саласына халықаралық стандарттарды енгізуді қолдай отырып, buildingSMART International ұйымымен ынтымақтастықты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/964170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді