ҚР ІІМ ҚАЖК тергеу изоляторлары мониторингінің ерекшеліктері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы Павлодар облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері Кординациялық кеңестің мүшесі, “Zanger” заң палатасының заң кеңесшісі Исмагулов Алмат Маратұлының басшылығымен оқыту вебинарына қатысты.

 “ҚР ІІМ ҚАЖК тергеу изоляторлары мониторингінің ерекшеліктері” семинары барысында спикер сотталғандардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың нормаларын, осы мекемелердің мониторингінің ерекшеліктерін, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарының негізгі нормалары ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексімен, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-I Заңымен регламенттелген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/963959?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді