2025-2028 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының бірінші ұйымдастыру отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 2025 жылғы 26 наурыздақоғамдық кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13бабына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі О.А. Топоркованың төрағалығымен 2025-2028 жылдарға арналған Егіндікөл ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының бірінші ұйымдастыру отырысы өткізілді.

Жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңестің 10 мүшесінен 8 мүше қатысты, олардың бірінші кезектегі міндеті Қоғамдық кеңестің төрағасын, Төралқа құрамы мен комиссияларын сайлау болды.

Бірауыздан шешіммен Егіндікөл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Гурбанова Светлана Михайловна сайланды.

Заңның 5бабына сәйкес келесі бағыттар бойынша комиссиялар құрылды:

экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша;

әлеуметтік мәселелер және жұртшылықпен жұмыс бойынша;

заңдылық, құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша.

Экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Гаухар Ақылбекқызы Құсайынова сайланды. Селицкая Оксана Николаевна әлеуметтік мәселелер және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Асай Егінбай Өмірбайұлы заңдылық, құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды.

Қоғамдық кеңестің төралқасы келесі құрамда сайланды:

Гурбанова Светлана МихайловнаҚоғамдық кеңестің төрағасы;

Алпыспаев Ренат МұхамеджанұлыҚоғамдық кеңестің мүшесі;

Құсайынова Гаухар АқылбекқызыҚоғамдық кеңестің мүшесі.

Заңның 5бабына сәйкес Егіндікөл ауданының қоғамдық кеңесі туралы ереже 2025 жылғы 4 наурызда бекітілді. Отырыстың соңғы бөлігінде Қоғамдық кеңестің төрағасы өз әріптестерін өз өкілеттіктері шеңберінде белсенді қызметке шақырды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-egin/press/news/details/964211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді