
2025 жылдың 24-28 наурыз күндері аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Р.Ысқақова, М.Бисенова, Е.Базарбай, Б.Сыздықов, Б.Еркебаев, Е.Нұртазаев, Ж.Жарасбаев қабылдаулар өткізді.
– Арай мөлтек ауданындағы Жастілек көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату;
– Тәуелсіздік №12 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы қоқыстардың уақытылы шығарылмауы, пәтер иелері кооперативінің күтіп-ұстау жұмыстарын сапасыз атқаруы;
– Саяхат-15 көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату;
– Шанхай бөлігіндегі Б.Момышұлы көшесіне, яғни Шәкәрім-Тайманов көшелері аралығына кешкі жарық шамдарын орнату;
– Шәкәрім көшесі бойында орналасқан бұрынғы №2 емхана ауласындағы ескі ғимараттардың апаттық жағдайда болуына байланысты, ғимаратты бұзу жұмыстарын жүргізіп, орнына балалар ойын алаңын салу;
– шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау;
– Сырдария мөлтек ауданындағы Байқоңыр көшесіне жаяу жүргінші жолын салу және т.б. мәселелер көтерілді.
Депутаттар қабылдау барысында көтерілген мәселелерді зерделеп, шешілуіне өз тараптарынан заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/965337?lang=kk

Жауап қалдыру