
Кеңеске Қазақстан Республикасының азаматтары және медициналық ұйымдардың қызметкерлері медициналық көмек көрсету/қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша және «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілік деңгейін алу мәселелері бойынша келді.
Азаматтарға Ережеге сәйкес, Департамент жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша медициналық ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ-де тіркелетін жоспардан тыс тексерулері түріндегі медициналық құжаттаманы ретроспективті талдау арқылы медициналық қызметтердің сапасына сыртқы сараптаманы жүзеге асыруы және «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шiлдедегi № 58 бұйрығы бойынша Департамент қандай жағдайларда жоғарыда көрсетілген бұйрықты қолданатыны туралы түсініктемелер берілді. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI кодексінің 63-бабының талаптарына сәйкестігі және Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініштерді беру қағидалары бойынша түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty/press/news/details/965231?lang=kk

Жауап қалдыру