
2025 жылғы 27 наурызда Бұқар жырау аудандық мәслихатының кезекті, отызыншы сессиясы өтті.
Сессияда аудандық мәслихаттың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес “Ауданның атқарушы органдарының аудандағы мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету, тарихи және мәдени мұраларын сақтау, аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі жұмысы туралы” және “Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы аудан әкімдігінің 2024 жылғы есебі жөнінде ” мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2024 жылғы және Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясы қызметінің нәтижелері қаралды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Бұқар жырау аудандық мәслихатының 24 сессиясының “2025 жылы Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы” шешіміне өзгерістер енгізілді
Сессияда депутаттар жер комиссиясының, сондай-ақ Ғ.Мұстафин, Қушоқы кенттері, Үштөбе ауылдық округі әкімдері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жеке құрамындағы өзгерістерді қарап, бекітті.
Алдын ала тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралғаннан кейін 25 сессияның “2025-2027 арналған аудандық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, сессияда Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы 11 сессиясының №5 “Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы” шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сессия соңында депутаттар аудандық мәслихаттың алдағы, кезекті сессиясының негізгі мәселелерін анықтады.
Сессия жұмысына Бұқар жырау ауданының әкімі Е. Құсайын қатысты.
Сессия аудандық мәслихаттың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/965193?lang=kk

Жауап қалдыру