
Ағымдағы жылдың наурыз айында Абай облысында облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Абай облысының жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департамент басшысы Қыдырбаев Нұрлан Сұлтанұлы қатысты.
Күн тәртібінде облыстың ұзақ құрылыстарын сүйемелдеу жөніндегі бірлескен жоспарды іске асыру мәселелері қаралды.
Қала және аудан әкімдерінің қабылданып жатқан шаралары туралы ақпарат бойынша олардың осы бағыттағы жұмыстағы пассивтілігі атап өтілді.
Халықтың ұзақ құрылыстармен байланысты әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында бірқатар басшыларға үзіліс болған жағдайда объектілерді аяқтаудың нақты мерзімдері қойылды, пәрменді шаралар қабылданатын болады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін 4 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/964279?lang=kk

Жауап қалдыру