
Абай облысының Әділет департаменті ұйымдастырған «Әділет кеңес береді» акциясы Кәсіпкерлер палатасында өтті. Іс-шараның мақсаты – өңір кәсіпкерлеріне тегін құқықтық көмек көрсету.
Акция барысында Департамент басшылары мен мамандары зияткерлік меншікті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары, сондай-ақ географиялық нұсқамаларды коммерцияландыруға қатысты мәселелер түсіндірілді.
Мұндай акциялар кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңды мүдделерін қорғауға және өңірде бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Абай облысының Әділет департаменті кәсіпкерлерге білікті заң көмегін қамтамасыз ете отырып, осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/965896?lang=kk

Жауап қалдыру