
Аудандық мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 31 наурызында А. К. Бердіғожинаның төрайымдылығымен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтіп “«Ұзынкөл ауданындағы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары туралы» жоспарлы мәселесі қаралды.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Н.С. Болатов, Ұзынкөл аудандық Қоғамдық кеңесінің төрайымы Г.А. Редман, аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы М. С. Шалмағамбетов және аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты.
Осы мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы М. С. Шалмағамбетовтың ақпараты тыңдалды, комиссия төрайымы қатысушыларды осы мәселені зерделеу бойынша қорытындымен таныстырып өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссияның тиісті қаулысы қабылданып, онда аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндентін атқарушыға ауданнның денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын одан әрі жарақтандыру, медициалық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша аурухана жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, жұмысын жалғастыру және бақылау жүргізу ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/966377?lang=kk

Жауап қалдыру