
Қала басшысы Талғат Мұратов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында жол, тұрғын үй, жер,су құбырын тарту, интеллектуалды ойын өткізу, сауда-саттық және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
Кездесуге 11 адам келіп, бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты.
«Мәселелерді дер кезінде шешіп, халықпен кері байланыс орнатуды жалғастырамыз. Тұрғындар көтерген тұрғын үй, жер, баспана туралы сұрақтар заңды шешілуі керек. Қоғамдық қабылдаулар мен кездесулер арқылы халықтың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешімін табу бағытында нақты қадамдар жасалуда», – деді қала басшысы.
Кездесу нәтижесінде әкім бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар берді.
Қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/964725?lang=kk

Жауап қалдыру