
2025 жылдың 28 наурыз күні білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес ағылшын тілі мұғалімдерімен «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар барысында А.Баймұлдин ат.ОМ, Жамбыл ОМ педагогтары ағылшын тілі сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру барысында оқушылардың оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді стратегияларды қарастырып, оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда әртүрлі оқу құралдарын, дереккөздерді тиімді қолданудың жолдары талқыланды. Сондай –ақ Oxford University Press баспасының 7-сыныпқа арналған жаңа баспадағы English File оқулығы таныстырылды. Семинар соңында ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/965733?lang=kk

Жауап қалдыру