
Алматыда тонау мен шабуыл жасау үшін қыздарды пайдаланған бірнеше қарақшылар мен тонаушылар тобы ұсталды.
Қылмыскерлер келесідей әрекет етті: танысу сайттарында қыздар ер адамдардың назарын аударған.
Содан кейін жеке кездесулер кезінде сыбайластары оларға шабуыл жасап, ақшалары мен бағалы заттарын тартып алған.
«Бүгінгі таңда жедел-іздестіру шаралары барысында осыған ұқсас 6 қылмыс жасағанын мойындаған 26 адам ұсталды. Күдіктілердің барлығы қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Біз күдіктілер жасаған басқа да ықтимал қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Мұндай әрекеттер қылмыс құрбандарына да, жалпы қоғамдық қауіпсіздікке де ауыр зиян келтіретінін айта кеткен жөн», – дейді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы, ғаламторда танымал танысу сайтын өздерінің қылмыстық мақсатына пайдаланатын қылмыскерлердің белсенді топтары бар екенін ескертіп, интернетте адамдармен танысқан кезде мұқият және сақ болуға шақырған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964569?lang=kk

Жауап қалдыру