
2025 жылғы 27-28 наурыз күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Іс-шара мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және педагогикалық шеберлігін дамытуға, педагог мамандығының мәртебесін арттыруға ықпал етеді.
Республикалық кезеңге Ақмола облысынан облыстық турдың жеңімпаздары қатысты:
- Б.Е.Копешова – Красный Яр ауылының № 1 мектебі;
- М.В.Гребенщикова – Бурабай ауданы Кенесары ауылының Сәтпаев ат. мектебі;
- З.А. Абдильман – Зеренді ауданы Қызылтан ауылының мектебі;
- Д.И.Токовенко -Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Досов ат. мектебі;
- И.А.Минько – Красный Яр ауылының № 2 мектебі;
- Г.А.Киреева -Есіл қаласының С.Сериков ат. мектебі ;
- А.А.Уменова – Қосшы қаласының «Silk-Road corporation» ЖШС Бизнес-академия «Dara» мектеп-лицейі;
- Г.К.Смагулова-Біржан сал ауданы Андықожа ауылының мектебі.
«Олимпиадалық тапсырмалар бастауыш мектеп бағдарламалары бойынша жазбаша авторлық тапсырмалар болды, олардың көпшілігі логикалық есептерден тұрды”, – деп бөлісті қатысушылар.
Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша:
І орын – Копешова Ботагөз Есентаевна, Красный яр ауылының № 1 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын – Киреева Галина Алексеевна, Есіл ауданы С.Сериков ат. мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
ІІІ орын – Гребенщикова Мария Владимировна, Бурабай ауданы Қ.Сәтпаев ат.мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Сонымен қатар, Қосшы қаласының «Dara» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Уменова Асель Азимхановна Грамотамен марапатталды.
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/966341?lang=kk

Жауап қалдыру