
Ақтөбе облысында комплаенс–офицерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру мақсатында бірқатар оқыту іс-шаралары өткізілді.
Департаментпен мәдениет саласындағы комплаенс–офицерлер үшін мамандандырылған тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылды, сондай-ақ комплаенс–қызметкерлермен бірлесіп келесі ұйымдардың ұжымы үшін оқыту сессиялары өткізілді: “Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры“ МКҚК; “Ақтөбе облыстық тарихи–өлкетану мұражайы“ МКҚК; “№3 балалар музыкалық мектебі“МКҚК.
Іс-шаралар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, ішкі бақылаудың тиімді тетіктерін енгізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды.
Мекемелер қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша практикалық кейстер мен шараларға ерекше назар аударылды. Департамент комплаенс–офицерлердің біліктілігін арттыру және өңірде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aktobe/press/news/details/965940?lang=kk

Жауап қалдыру