«Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС -де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.

Комплаенс-офицер Е. Карасаев қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, институттың ішкі реттеуші құжаттары егжей-тегжейлі қарастырылды, соның ішінде:

✔ Сыбайлас жемқорлыққа және корпоративтік алаяқтыққа қарсы саясат;

✔ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт кодексі;

✔ Корпоративтік этика және қызметтік мінез-құлық;

✔ Мүдделер қақтығысын басқару саясаты;

✔ Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі нұсқаулық.

Іс-шара барысында қызметкерлердің күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары ерекше назарға алынды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша директордың орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ішкі нормативтік актілерді мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-нің корпоративтік саясатының басым бағыты. Институт қатаң этикалық стандарттарды сақтай отырып, ашық, адал және қауіпсіз жұмыс ортасын құруға ұмтылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/965983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді