Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасымен кездесу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы, «Тоғызқұмалақ» республикалық спорты федерациясының құрметті президенті Әлихан Байменмен кездесті.

Кездесу барысында Басқарушы комитет төрағасы қазақстандық дипломаттарды мемлекеттік басқару жүйесін дамыту мәселелерінде сараптамалық қолдау көрсететін Астана хабының қызметімен таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесімен бөлісті. Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Іс-шара соңында қазақстандық дипломаттар шетелде ұлттық спорт түрлерін насихаттау және сақтау мақсатында «Тоғызқұмалақ» ойынының ережелерімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/965386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді