Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде аудандық Ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындар фестивалі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

💫Мерекелік шарада республикалық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

⚜️11 киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақышта көрмелер сондай-ақ, мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Киіз үйлердің әрленуін әділ-қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтады. I-орынды Өскемен құс фабрикасы, II-орынды аудандық білім бөлімі, III-орынды Бозанбай ауылдық округі иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

🏅Сондай-ақ, ауданның дамуына зор үлес қосқан жерлестеріміз Л.Михееваға, Ш.Икомбаеваға және Ж. Жапишевке аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

💪Ұлттық спорт түрлерінен жарысқа қатысушылар өз күштерін сынап, белсенділіктерін танытты.

🏆Арқан тарту жарысында ерлер арасында  I орын — Ұлан 2,

II орын — Ұлан 1, III орын — Айыртау командалары, ал әйелдер арасында I-орын — Шығыс Қазақстан, II-орын — Ұлан 1, III-орын — Ұлан 2 командалары иеленді.

🏆Сонымен қатар, қол күресі, қой көтеру, қант көтеру, таяқ тарту, тауық күресі және ләңгі тебу жарыстарында жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

⚜️Ұлттық салт-дәстүріміз бен спорт түрлерінің дамуы – ауданымыздың абыройын асқақтатып, жас ұрпақтың өз тарихы мен мәдениетіне деген құрметін арттырудың жарқын көрінісі. Бұл игі бастама жыл сайын жалғасын тауып, болашаққа бағдар боларына сеніміміз мол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/965672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді