АУДАННЫҢ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРЫ ТАҒЫ ДА БИІКТЕН КӨРІНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыздың 30-ы Астана қаласының «Жастар» сарайында өткен Халықаралық «Өнер жұлдызы» байқауында Шахтерское ауылының «Халықтық» атағы бар үрмелі аспаптар оркестры  Бас жүлдені иеленіп, Түркия мемлекетінде өтетін Гала-концертке қатысуға жолдама алды.

Айта кетейік, Нұра ауданы Шахтер ауылының үрмелі аспаптар оркестрі 1960 жылы құрылған. 2001 жылдан халық оркестрі атағын иеленіп, осы күнге дейін аттестациядан өтіп қорғауда.

Қазіргі жетекшісі Ахан Дулатұлы Махаметчин оркестрді 2003 жылдан бері басқарып келеді. Негізгі құрамы 8-15 жас аралығын қамтитын оқушылардан құралған оркестрдің репертуарында бүгінгі күні 40-тан астам шығармалары бар.

65 жылдық тарихы бар оркестрдің қоржынында облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардан алған жүлделі орындары бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та Нұра ауданының Шахтер аулына барған сапарында оркестрдің өнерін тамашалап, жоғары баға беріп кеткен.

«Аталған конкурсқа президент сыйға тартқан автобуспен аттанып, жүлделі орын алып келдік. Жерлесіміз Георгий Прокоп оркестрдың дамуына көп көмегін беріп отырады. Аудандық мәдениет үйінің директоры Хұмар Әділбек мырза мен ауылымыздың әкімі Гүлзат Өмірзаққызына қолдау көрсетіп, байқауға қатысуға барлық жағдай жасағандарына да алғыс білдіреміз.» – деп жауап берді Ахан Махаметчин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/966363?lang=kk